• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің бұйрығы №225

263 рет
көрсетілді

2015 жылғы 19 наурыз,  Астана қаласы Сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасының сұйытылған мұнай газын ішкі нарығында көтерме саудада өткізудің 2015 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, тоннасына 11 033, 91 теңге (он бір мың отыз үш теңге тоқсан бір тиын) мөлшерінде бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В.ШКОЛЬНИК. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі __________________Е.Досаев. «__» _____________2015 жыл. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10522 болып енгізілді.